Қарағандыда «Айбын-2021» республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны басталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыдағы Достық үйінде VII «Айбын-2021» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиын aibynonline.kz сайтында онлайн форматта өтеді. Ол 30 қарашаға дейін жалғасады. Биыл «Айбын» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған. Қатысушылар саны екі есеге артып, 1110 адам жиналды, еліміздің түкпір-түкпірінен 74 команда қатысып жатыр.

Қарағанды облысынан үш команда қатысады: «Бүркіт» (Қарағанды жоғары политехникалық колледжі), «Qaisar» (Қарағанды машина жасау колледжі), «Жас Сарбаз» (Балқаш қ. №8 ЖББМ).

Командалардан басқа, кез-келген жасөспірім жеке жиынға қатыса алады.

Жиын бағдарламасында «Айбын дарыны», «Айбын жұлдызы», «Мейірімділік біріктіреді», «Smart Sarbaz-2021» зияткерлік және шығармашылық байқаулар, сондай-ақ әскери-қолданбалы спорт түрлері және алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша жарыстар бар. Биыл жас журналистерге арналған «Жас сарбаз - Жас тілші» атты жаңа байқау қосылды. Сонымен қатар, командалар тоғызқұмалақ ұлттық ойынында бақ сынайтын болады.

Барлық байқаулардың қорытындысы бойынша көшбасшылар анықталады. Олар «Білім. Абырой. Жеңіс» ақтық ойнында бақ сынасады.


Соңғы жаңалықтар