Қарағандыда аймақтық полиция бөлімдерінің жаңа басшылары тағайындалды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың келісімі бойынша Қарағандыда аумақтық полиция бөлімдерінің екі басшысы тағайындалды. Бұл туралы Facebook-тегі парақшасында Қарағанды облысы Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осылайша, Қарағанды қаласы Полиция басқармасы Жаңа-Майқұдық ПБ бастығы лауазымына подполковник Есенбеков Ерлан Төлеуұлы тағайындалды.

Қарағанды қаласы Полиция басқармасының теміржол ПБ бастығы лауазымына полиция подполковнигі Әбілқас Төлеген Жанатұлы тағайындалды.

Қалалық Полиция басқармасының бастығы Думан Қожахметов жаңа басшыларды полиция бөлімдерінің жеке құрамына таныстырды.


Соңғы жаңалықтар