Қарағандыда бөлім бастығы жұмысқа тұрғызамын деп 500 мың теңге алған

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының №1 көмір өнеркәсібіндегі мемлекеттік қадағалау бөлімінің бастығы алаяқтық жасады деп күдікке ілінді. Бұл жөнінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Қарағанды облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қарағанды облысы бойынша Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментінің №1 көмір өнеркәсібіндегі мемлекеттік қадағалау бөлімінің бастығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«Ол бір азаматты «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-на тиесілі «Казахстанская» шахтасына жерасты кен жұмыскері ретінде жұмысқа орналастыру үшін 500 мың теңгесін жымқырды деп күдікке ілініп отыр. Күдікті өз кінәсін мойындады. Қорғаушысы екеуі кінәні мойындау туралы мәмілеге келуіне байланысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ» делінген хабарламада.

Күдіктіге қатысты соңғы шешімді сот шығарады.

Соңғы жаңалықтар