Қарағандыда бюджет қаржысын жымқырған кәсіпкер сотталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында алаяқтық жолмен бюджет ақшасын жымқырған кәсіпкер сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мамыр айында Қаржы мониторингі комитетінің Қарағанды облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті сотқа жолдаған қылмыстық іс бойынша Шахтинск қаласының соты үкім шығарды.

Коммерциялық кәсіпорын директоры іс жүзінде орындалмаған жол жөндеу жұмысына төлем ретінде алаяқтық жолмен мемлекет бюджетінен қаражат алған.

Мемлекетке келген залал көлемі - 5,8 млн теңге.

Сот үкімі бойынша айыпталушы кінәлі деп табылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығы шектелді.

Ол сондай-ақ, құрылыс және жол жөндеу саласында кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан 7 жылға айырылды.


Соңғы жаңалықтар