Қарағандыда дәмхананы «жарып» жібермек болған адам ұсталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат –Қарағанды қаласы Ленин көшесінің бойында орналасқан дәмхананың бірінде белгісіз азамат ғимаратты жарамын деп қорқытқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 13 қазан күні 14:30 сағат шамасында болған.

Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен оқиға орынында 47 жастағы азамат анықталып, ол өзінің қол сөмкесінде «жарылғыш зат» барын және шамамен 15 минуттан соң «жарылатындығын» айтқан.

«Оқиға орыны қоршауға алынып, ғимараттан 2 адам эвокуацияланған.Полиция қызметкерлерімен қол сөмке қаралып, онда ешқандай жарылғыш зат анықталған жоқ. 47 жастағы азамат «облыстық психоневрология диспансеріне» жатқызылды. Аталған факті бойынша _ҚР Қылмыстық Кодексінің 273 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде» делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар