+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Қарағандыда ер адам карантинде жатқан әйеліне терезе арқылы жасырынып кірген

2020 жылғы 26 наурыз 16:47
Бөлісіңіз:
Қарағандыда ер адам карантинде жатқан әйеліне терезе арқылы жасырынып кірген

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев төтенше жағдай кезінде адамдардың карантин аумағына кіріп кету жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде жеке емхана қызметкері коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан Өзбекстанда коронавирусты жұқтырған 241 адам анықталды Ақтөбелік кәсіпкер блокпосттағы адамдарды арнайы киіммен қамтамасыз етті

«Төтенше жағдай кезінде адамдар карантин аумағына кіріп кетуге тырысып жатыр. Соңғы тәулікте төтенше жағдай режімін бұзғаны үшін Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 476-бабы бойынша 137 адам жауапқа тартылды, 89-ы қамалды. Олардың бәрі де өз әрекеттерінің заңға қайшы екенін мойындады», - деді министр «Хабар 24» арнасындағы онлайн режимдегі баспасөз мәслихатында.

Дәурен Абаев кей жағдайда тіпті ақылға сыймайтын жағдайлар тіркеліп жатқанын айтады.

«Қарағандыда өзінің бұрынғы әйелінің палатасына терезе арқылы кірмек болған ер адам 10 тәулікке қамалды. Әйелі карантинде жатқан. Ол Германиядан келген. «Неліктен?» деген сұрақ туындайды» - дейді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT