Қарағандыда ескі шина өңдейтін кәсіпорындағы өртті арнайы пойыз сөндіріп жатыр

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда 1 мың шаршы метр аумақта ескі көлік шиналары өртенді. Ашық алаңдағы өртті сөндіруге ТЖД-ның арнайы техникасымен бірге өрт сөндіретін пойыз да жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қарағанды облысы ТЖД-сының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«21 қыркүйек күні сағат 19:28-де Карпатская көшесіндегі өрт туралы хабар келіп түсті. Шикізатты қайта өңдеу жөніндегі ЖШС аумағында 1 000 шаршы метр аумақта ескі автомобиль дөңгелектері өртенді. Ғимараттар мен тұрғын құрылыстарғк қауіп төніп тұрған жоқ. Өрт ашық алаңда шыққан», делінген хабарламада.

Департаменттің мәлімдеуінше, оқиға орнында 12 техника жүмыс істеп жатыр, ТЖД жеке құрамынан 45 қызметкері жұмылдырылған. Арнайы техника ішінде сыйымдылығы 30 тонна автоцистерна да бар.

Сонымен қатыр, сыйымдылығы 100 тонна ҚТЖ өрт пойызы жұмыс істеуде.



Соңғы жаңалықтар