Қарағандыда ғарыштық бақылау көмегімен 200-ден астам заңсыз қоқыс полигоны анықталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Биылғы жылы Қарағандыда рұқсат етілмеген 200-ден астам қоқыс орны анықталды. Олардың координаттары ғарыштық бақылау көмегімен орнатылды.

Бірнеше жыл қатарынан «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы еліміздің аймақтарындағы заңсыз үйінділерді анықтау үшін ғарыштық мониторинг жүргізіп келеді.

Тапсырыс беруші – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі.

Қарағанды облысында 2018 жылдан бастап жерді қашықтықтан зондтаудың, рұқсат етілмеген қоқыс полигондарының орналасуын ғарыштық суреттермен қамтамасыз ету туралы келісімге қол қойылды.

Былтырғы ғарыштық мониторинг нәтижесі бойынша облыста мыңнан астам стихиялық қоқыс анықталып, жойылды.

«Биыл мониторинг Қарағандыда өтті. Қазіргі уақытта қалалар мен аудандардың әкімдіктері қоқыс полигондарын жоюға кірісті. Жақын уақытта Қарқаралы ауданының аумағын қашықтан зондтау жоспарланып отыр», – деп хабарлады Қарағанды облысының экология департаменті.

Соңғы жаңалықтар