Қарағандыда Халықаралық оперетта және мюзикл фестивалі өтеді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда тоғызыншы рет DosStar Халықаралық оперетта және мюзикл фестивалі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биыл фестиваль 25-27 қазан аралығында ұйымдастырылады. Қойылымдар екі алаңда: Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының сахнасында және Теміртау мәдениет сарайында өтеді. «Фестивальдің мақсаты – мәдениет диалогын нығайту. Бұған дейін оған Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь, Қырғызстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Польша, Армения, Молдова, Болгария, Румыния, Латвия, Литва, Грузия қалаларынан 500-ден астам түрлі музыкалық театрлардың өкілдері қатысты. 2019 жылы география кеңейіп келе жатқанын байқап отырмыз. Биыл Сербия мен Германияның солистерімен танысамыз. Яғни, 9 жыл ішінде оперетта мен мюзикл фестиваліне 17 ел жиналды», - деп атап өтті Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Амантай Ыбраев. 25 қазанда фестиваль елордалық «Жастар» театрының қойылымымен ашылады. Қарағанды сахнасында эпикалық тұрғыда қойылған «Жібек» туындысы ұсынылады. 26 қазанда Теміртау қаласында Омбы мемлекеттік музыкалық театры «Любовь под прикрытием» мюзиклімен өнер көрсетеді. 27 қазанда көрермендер Ресей, Сербия және Германия әртістерінің қатысуымен болатын гала-концертке шақырылады. Ол Қарағанды музыкалық комедия театрының сахнасында өтеді. Өнерсүйер қауым алдында Серб ұлттық театрының жетекші солисі Бранислав Ятич, И. Архипова атындағы Қордың күміс орденінің лауреаты, Йован Джорджевич атындағы алтын медальдің иегері, Халықаралық музыка қайраткерлері қауымдастығы орденінің иегері, Халықаралық конкурстардың лауреаты Сузанна Хейнзман (Германия); «Рубецаль», «BRAVO! Голос 2015» С. Прокофьев атындағы вокалдық байқаудың лауреаты Ирина Косаговская (Мәскеу) өнер көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар