Қарағандыда карантин кезінде жұмыс істеген компьютер клубы анықталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Ереже бұзу фактілері эпиджағдайды қадағалау үшін құрылған арнайы мобильді топтардың жасаған рейді барысында анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мобильді топтардың жұмысын үйлестіруді өңірлік жедел штабтың жедел әрекет ету орталығы жүргізеді.

Мысалы, тәртіп бұзушылар арасында Қарағандының танымал компьютер клубының бірі болды. Мекеменің есіктері клиенттер үшін ашық болған. Бұл мекеме карантин кезеңінде компьютерлік және караоке клубтарының қызметіне тыйым салынғанына қарамастан жұмыс істеп тұрған. Бөлмеде 70-ке жуық адам, оның ішінде кәмелетке толмаған балалар болған.

Клуб басшылығы шамамен 640 мың теңге (230 АЕК) көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін. Келушілерді жауапкершілікке тартпайды.

СЭҚ өкілдері карантин кезінде қызметіне тыйым салынған ойын-сауық орындары мен түрлі клубтарға барғанда жастар өз денсаулығына ғана емес, жақындарының денсаулығына да қауіп төндіретінін еске салады.


Соңғы жаңалықтар