Қарағандыда карантин жариялауға негіз жоқ - денсаулық сақтау басқармасы

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Қарағанды облысында коронавирус жұқтырудың екі жағдайы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өкінішке қарай, біздің облыста коронавирус инфекциясын жұқтырудың алғашқы екі оқиғасы анықталды. Екеуі де шетелден келген. Вирус Минск-Нұр-Сұлтан рейсімен келген ұшақ жолаушыларынан табылды. 18 наурызда борт елорданың карантинге жабылуына байланысты Қарағанды қаласындағы әуежайға қонды. Бұл күні Нұр-Сұлтанға 3 халықаралық борт келді. Жолаушыларды қарсы алу кезінде барлық қажетті қауіпсіздік шаралары сақталған. Қалада карантин жариялауға негіз жоқ», - дейді Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев.

Жолаушылардың кездесуі санитарлық-эпидемиологиялық шараларды қатаң сақтау жағдайында өткізілді. Оларды тасымалдауға арналған автобус ұшақ баспалдағынан күтіп алды. Осылайша жолаушылар әуежай ғимаратына кірген жоқ. Азаматтар автобуста тексерілді.

Қарап болғаннан кейін барлық жолаушы автобуспен ұйымдасқан түрде карантиндік госпитальға жеткізілді, бұл ретте коронавирус аурушаңдығы жоғары елдерден келген адамдар пациенттердің жалпы тобынан бөлінген болатын.

Бүгінгі күні карантинде 109 адам тәулік бойы бақылауда. Олар 1А санатындағы елдерден келген (Италия, Франция, Испания, Иран, Германия) немесе шартты түрде жұқтырған тұлғалармен байланыста болған. Оның ішінде жұқпалы бокста 17 адам бар. Үй карантинінде - 21 адам, медициналық бақылауда - 336 адам, дистанциялық мониторингте 275 адам тіркелген.


Соңғы жаңалықтар