Қарағандыда қоқыс контейнерінен 1 айлық сәби табылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды қаласында қоқыс жәшігінен бір айлық нәресте табылды. Тәртіп сақшылары сәбиді тастап кеткен ананы іздестіруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

3 сәуірде Қарағанды қаласының Октябрь ауданындағы үйлердің бірінің жанындағы қоқыс контейнерінен сәби табылды.

Дәрігерлердің айтуынша, бала шамамен 1 айлық.

«Қыз баланы жедел жәрдем бригадасы тексеріп, медициналық мекемеге орналастырылды. Дене жарақаттары жоқ. Аталмыш дерек полицияда тіркелді. Қазіргі уақытта сәбидің анасын анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар