Қарағандыда көлік қаққан 71 жастағы әйел оқиға орнында жан тапсырды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда жеңіл автокөлік жүргізушісі қарт әйелді қағып кетті. Ол алған жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

6 мамыр күні Қарағандыдағы дүкендердің бірінің жанында автокөлік жүргізушісі 71 жастағы зейнеткерді қағып кеткен.

Әйел алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

«Бұл факт полицияда тіркелген. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар