Қарағандыда медиация институтының дамуы талқыланды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда «Қарағанды облысындағы медиация институтының дамуын талдау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды облыс әкімінің

Кездесу барысында осы саладағы жетістіктер мен өзекті мәселелер талқыланды.

Қарағанды қаласының Достық үйінде сот жүйесінің, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, кәсіподақтардың, қалалар мен аудандар әкімдіктерінің өкілдері жиналды. Сондай-ақ кездесуге Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов қатысты. Дөңгелек үстелге қатысушылар өңірдегі медация институтының даму мәселелерін көтерді. Спикерлер медиация ҚР сот жүйесінде, сондай-ақ қоғамдық, саяси және әлеуметтік салаларда медиация қалай қолданылатыны туралы айтып берді. Қатысушылар банк жүйесіндегі, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізудегі дауларды сотқа дейінгі шешудің оң динамикасын атап өтті. Сонымен қатар дөңгелек үстел барысында қатысушылар неке-отбасылық қарым-қатынас мәселесін қозғады.

Спикер Марина Кушакова атап өткендей, ерлі-зайыптылар арасындағы дағдарысты шешу үшін Қазақстанда «Отбасылық сот» пилоттық жобасы іске қосылды. Осы отбасылық жанжалдарды сотқа дейінгі шешу құралында мамандар адвокаттардың, психологтардың, медиаторлардың, ГТҚҚ қызметкерлерінің үйлесімді жұмысын көргісі келетінін жеткізді. Сонымен қатар, «Диалог» жанжалдарды шешу орталығының» директоры Татьяна Савицкая аймақтың барлық медиаторларын біріктіріп, бірыңғай Жол картасын құруды ұсынды. Оның айтуынша, бұл қадам медиация институтында жариялылық орнатып, кәсіби және нәтижелілік тұрғыда жоғарылауға көмектеседі. – Бүгінгі міндет – мемлекеттің қолдауынсыз медиация институты қол жеткізе алмайтын «нысаналарды» белгілеу болып табылады. Ең басты мәселе – іс-қимылды бірыңғай үйлестірушілер жоқ, әрбір орталық өзі қалай қажет деп санаса, солай жұмыс атқарады, - дейді Татьяна Савицкая. - Медиация институты жанжалдарды төмендету үшін қолдануға болатын көптеген технологияларға ие. Бізде қазір кәсіби медиаторлардың қатары қалың. Алайда көптеген адамдар медиацияның бар екендігі туралы білмейді. Сондықтан мемлекеттің әкімшілік және қаржылық қолдауынсыз біз алға жылжи алмаймыз. ҮЕҰ әрбір бағыт бойынша жұмыс топтарын құру қажет деп санайды. Бұл өңірдегі медиация институтын дамыту үшін тағы да не енгізу қажеттігін түсінуге көмектеседі. Ол кеңес беру және call-орталықтар болуы мүмкін. - Бүгінгі дөңгелек үстелде көптеген өзекті мәселелер қозғалды. Біз осы бағытта бірлесіп жұмыс істеуіміз керек. Мен әр түрлі бағыттар бойынша жұмыс істейтін жұмыс тобын құруды ұсынамын. Ол қандай салада жұмысты күшейтуіміз керек екенін анықтауға септігін тигізеді. Әр бағыт бойынша екі маманды бекітіңіздер, - деді облыс әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов.

Соңғы жаңалықтар