Қарағандыда Солтүстік-Шығыс айналма жолы ресми түрде ашылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының орталығында Солтүстік-Шығыс айналма жолы ресми түрде ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үлкен жүк көліктері енді Қарағандыдағы орталық көшенің жолдарын тоздырмайтын болады. Қаланың негізі қаланған 85 жылдан кейін алғаш рет айналма жол салынды.

Жаңа жол Қарағандыны айналып өтіп, қаланы транзиттік автомобильдер мен үлкен жүктерден жеңілдетуге мүмкіндік береді. Орталық арқылы күніне 22 мыңға жуық көлік өтеді.

Құрылыс «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Орталық-Оңтүстік» дәлізін қайта жаңарту жоспарына енді.

Жол төрт жолақты, асфальтбетонды жабыны бар. Жол жабынының бірінші жөндеуге дейінгі қызмет мерзімі - 15 жыл. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жолақтар арасында ирек білеу орнатылды.

Есептік жылдамдық - сағатына 120 шақырым.

«Солтүстік және Шығыс айналма жолдардың облыс үшін стратегиялық маңызы бар. Себебі жобаларды іске асыру қала көшелеріне түсетін жүктемені айтарлықтай төмендетеді, жолдардың тозуын азайтуға, апаттылықтың төмендеуіне және экологиялық жағдайдың жақсаруына септігін тигізеді. Сондай-ақ, облыс орталығын Қазақстанның оңтүстік өңірлерімен көлік байланысымен қамтамасыз етеді», - деп атап өтті Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек.

Жоба Қарағанды, Нұр-Сұлтан, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары бағыттары бойынша жеті көлік айырымын қарастырады.

Айналма жолдарды қайта құру аясында жеті жол айрығы, тоғыз жол өтпесі, Соқыр өзені арқылы өтетін көпір және демалыс үшін екі алаң салынды.


Соңғы жаңалықтар