Қарағандыда теннистен республикалық турнир мәреге жетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қарағанды қаласындағы жаңа теннис орталығында «Karaganda Masters 10 & under» республикалық турнирі мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, жарысқа Қарағанды, Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент және Екібастұз қалаларынан 10 жасқа дейінгі 47 спортшы қатысты.

Олардың 23-і қыз болса, 24-і – ұл бала.

Еліміздің теннис федерациясы ұйымдастырған дода қорытындысында ұлдар арасында ақтаулық Нұрдәулет Балқан жеңімпаз атанды. Елордалық Алдияр Нариман екінші, қарағандылық Виктор Сериков үшінші орынға ие болды.

Қыздардан екібастұздық Ясмин Дүйсембаева, нұрсұлтандықтар Мариям Нұржан мен Ника Богрянская үздік үштікке ілікті.

Жұптық сында да М.Нұржан мен Я.Дүйсембаева ешкімді шыдатқан жоқ. Елордалықтар Алан Маратқызы мен Н.Богрянская екінші, тараздық София Пак пен шымкенттік Меруерт Тұрған үшінші орыннан көрінді.

Ұлдардан жұптық сында ақтөбелік Ахмади Маханов пен оралдық Әділжан Сәндібек жеңімпаз атанды. Нұрсұлтандықтар Әбілқайыр Қасенғалиев пен Бекарыс Қуандық екінші, ақтөбеліктер Қуаныш Бегалиев пен Марлен Батиханов үшінші жүлдені еншіледі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Денис Евсеевтің Түркиядағы турнирдің финалына шыққанын жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар