+7 (701) 759 90 19
USD 419.45 EUR 504.64
RUB 5.68 CNY 64.88
Jańalyqtar

Қарағандыда тұрғын үйде шыққан өрттен 14 адам құтқарылды

2021 жылғы 19 қаңтар 17:53
Бөлісіңіз:
Қарағандыда тұрғын үйде шыққан өрттен 14 адам құтқарылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандылық құтқарушылар өртенген тұрғын үйден 14 адамды алып шықты. Көпқабатты үйді шарпыған отты сөндіруге 12 маман және 3 арнайы техника жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда жылыту маусымы басталғалы 300-ге жуық өрт болып, 14 адам көз жұмған Семейде жер үйден өрт шығып, 2 адам көз жұмды Екібастұзда жолаушылар вагоны жанып кетті

18 қаңтарда сағат 14:04-те Қарағанды қаласының 22 шағын ауданындағы пәтердің өртенгені туралы хабарлама келіп түскен. Сағат 14:10-да шақыру орнына келген өрт сөндірушілер тұрғын үйдің кіреберісіндегі қою түтінді көрген. Газ-түтіннен қорғау қызметінің екі тобы іштегі тұрғындардын құтқаруға және эвакуациялауға кіріскен. Өрт үшінші қабаттағы пәтерде шыққаны анықталған.

Күйік шалған және уланып қалған әйел өрт шыққан пәтерден құтқарылып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Сондай-ақ көрші пәтерден төрт айлық бала құтқарылды. Қалың түтіннен улану қаупі жоғары болғандықтан балаға басын және тыныс жолын қорғайтын арнайы маска кигізілді. Тұрғын үйден тағы 12 адам эвакуацияланды.

«Жалынды сөндіруге Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің №9 өрт сөндіру бөлімінің 12 маманы мен 3 техникасы жұмылдырылды. Өрт 14:35-те толық сөндірілді. Жалын отты абайсыз қолданудан болған», - деп мәлімдеді Қарағанды облысы ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT