Қарағандыда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған қылмыстық топ қолға түсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері «STOP-ойын» жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізу нәтижесінде Қарағанды аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған, құрамында 5 адамы бар қылмыстық топтың қызметін әшкереледі.

Жүргізілген арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары және жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижесінде Қарағанды қаласындағы қонақ үй кешендерінің бірінде жұмыс істеген астыртын покер клубының қызметінің жолы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға орнынан 2 млн. теңге және 1 мың АҚШ доллары сомасындағы ақша, ұялы телефондар, ойын карталарының қорабы, фишкалар мен покер ойнауға арналған үстел тәркіленіп алынды.

«Қылмыстық топты ұйымдастырушыларға қатысты (2 адам, біреуі осыған ұқсас қылмысы үшін бұрын қылмыстық жауапқа тартылған) «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 307-бабы 2-б., 262-бабы 1-б. және 2-б. бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар