Қарағандыда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселесі талқыланды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - «AntikorLIVE» жобасы аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Асхат Оразханның төрағалығымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа кезеңдегі Қазақстан: іс-қимыл уақыты» атты Жолдауын талқылау бойынша кездесу өтті.

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері қатысқан іс-шарада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және қоғамда парасаттылық қағидаттарын насихаттау мәселелері бойынша басты тармақтар талқыланды.

Асхат Оразхан қатысушыларды ҚР Конституциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығымен құттықтап, еліміздің басты жетістіктері Қазақстанның біртұтас халқын құрайтын барлық этностар өкілдерінің бірлігі, достығы мен ынтымағының арқасында мүмкін болғанын атап өтті.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бірнеше жылдан бері жүргізіліп келе жатқаны белгілі. Осы уақыт ішінде заңдар, мемлекеттік бағдарламалар қабылданды, құқық қорғау жүйесінің реформалары жүзеге асырылды. Сыбайлас жемқорлық экономиканың дамуы мен жаңғыртылуын тежейді. Ең бастысы, қоғамдағы қауіпті тудырады – адамдардың заң үстемдігі мен әділеттілікке деген сенімі жоғалады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес құқық қорғау жүйесі үшін ғана емес, бүкіл қоғам үшін де міндет болып табылады. Себебі, кері байланыссыз осы салада қандай да бір жетістіктер мүмкін емес. Өздеріңіз білетіндей, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту Мемлекет басшысы Жолдауының басты бағыттарының бірі болып табылады»,- деді ол. Сондай-ақ, Президенттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформаларының маңызды бастамаларына қысқаша тоқталып өтті.

Одан әрі қатысушылар алдағы осы бағыттағы нәтижелі жұмыс туралы өз ойларымен бөлісті. Кездесуге қатысушылар білім және ғылым жүйесін дамыту, отбасылық-демографиялық жағдайды жақсарту, ШОБ қолдау, экологияны жақсарту, тұрғын үй саясатын іске асыру бойынша бағдарлар мен қойылған міндеттерді егжей-тегжейлі талқылады.

Жыл сайынғы Жолдауларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларына әрқашан ерекше мән беріледі. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сараптама тобының жетекшісі, Қарағанды еврей этномәдени бірлестігінің төрағасы, медицина ғылымдарының докторы Вилен Молотов-Лучанскийдің сөзі бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды бағдарламадан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті күшейту мәселелерін көтеріп келеді. Сыбайлас жемқорлық әлі де өзекті тақырыптардың бірі болып табылады. Сондай-ақ, Вилен Борисович Президенттің қоғамдық бақылау институтын күшейту жөніндегі алға қойған міндеттерінің маңыздылығын атап өтті.

Қарағанды медицина университетінің комплаенс-офицері, «Дакия» Румын мәдени қоғамы бірлестігі жастар қанатының жетекшісі Александр Урмашов дарынды тұлғаларды, әсіресе жастар арасында қолдау бойынша жаңа идеялардың маңызына тоқталды.


Соңғы жаңалықтар