Қарағандыдағы көпқабатты үйде 7 адам иіс тиіп уланды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды қаласында генератордың ақауы салдарынан 7 адам иіс тиіп уланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ekaraganda.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды олблыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 16 қаңтар күні сағат 20.45-те Қарағандыдағы Кемеровская, 97 мекенжайынан (5 қабатты үй) белгісіз газға уланған 67 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ тағы 6 адам медициналық көмекке жүгінген.

Алдын ала болжам бойынша, уытты газ үйдің жертөлесінде жұмыс істеп тұрған генератордан шыққан.


Соңғы жаңалықтар