+7 (701) 759 90 19
USD 417.02 EUR 505.51
RUB 5.59 CNY 64.52
Jańalyqtar

Қарағандыдағы «Спутник V» вакцинасын өндіру көлемі 2 млн дозаға дейін жеткізілмек

2021 жылғы 27 қаңтар 17:01
Бөлісіңіз:
Қарағандыдағы «Спутник V» вакцинасын өндіру көлемі 2 млн дозаға дейін жеткізілмек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақпан айының басында Қазақстанға коронавируқса қарсы ресейлік «Гам-Ковид-ВАК» (Спутник V) вакцинасының 20 мың дозасы, яғни бірінші партиясы жеткізіледі. Бұл туралы ОКҚ өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысына коронавируқа қарсы вакцинаның 10 мыңға жуық дозасы жеткізілді Қытайда коронавирусқа қарсы 16 вакцина клиникалық сынақтан өтеді

Оның айтуынша, аталған партияны Қазақстан аумағына әкелу туралы Ресей тарапымен тиісті келісімдер бар.

«15 ақпаннан бастап Қарағанды фармацевтикалық кешені өндірісінің «Спутник V» вакцинасы тіркеледі. Қазірдің өзінде 90 мың доза көлеміндегі бірінші партияның өндірісі басталды. Ол 26 ақпаннан бастап Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына және одан әрі өңірлерге жөнелтуге қолжетімді болады. Кейіннен шілде айына дейін өндіріс көлемі 2 млн дозаға дейін жеткізіледі», - деді бірінші вице-министр.

Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл вакцинаның тиімділігі шамамен 92% құрайды.

Еске сала кетсек бұған дейін Марат Шоранов вакцинация жүргізер алдында дене температурасы өлшеніп, эпидемиологиялық анамнезді жинау, сатурацияны, жүрек жиырылуының жиілігін, артериялық қысымды өлшеу, тыныс алу және жүрек-қантамыр жүйесін аускультациялау және жұтқыншақты тексеру шаралары жасалатынын айтқан еді. Егер температура 37°C-тан асса, вакцинация кейінге қалдырылады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT