Қарағандыға ұшып келген алты студенттен коронавирус анықталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыға 18 наурызда ұшып келген алты студенттен коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

Еске сала кетсек, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 302-ге жеткен болатын. 30 наурызда сағат 18:50-де жаңа 8 жағдай тіркелсе. Соның алтауы Қарағанды облысында анықталған.

«Қарағанды облысының орталығында короновирус жұқтырғандар саны 13-ке жетті. Бүгін инфекция жұқтырған алты студент анықталды, олар Қарағанды қаласына 18 наурызда ұшып келген. Рейспен келген барлық жолаушылар бірден карантинге жатқызылды. Пациенттердің жағдайын дәрігерлер қанағаттанарлық деп бағалайды.», делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар