Қарағандылық фермер 59 жастағы ер адамды құлдықта ұстаған

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының полицейлері ауылдардың бірінде фермада жұмыс істету үшін ер адамды заңсыз ұстау әрекетін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облыстық ПД криминалдық полиция және жергілікті полиция қызметкерлері «Стоп трафик» жедел-профилактикалық шараларын жүргізді. Ақтоғай ауданында орналасқан қыстаулардың бірінде полиция қызметкерлері 59 жастағы ер адамға қатысты еңбекті қанау мақсатында заңсыз бас бостандығынан айыру фактісін анықтады.

«Жедел іздестіру шаралары барысында қыстаудың 56 жастағы иесі табылып, ол кінәсін мойындады. Осы факті бойынша ҚР ҚК 126-бабы 1-бөлігі (Заңсыз бас бостандығынан айыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп түсіндірді Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметінен.

Бұл іс ҚР ІІМ мен Қарағанды облыстық ПД басшылығының бақылауына алынды. Осыған байланысты өңірдегі қыстауларда рейд жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар