Қарағандылық кәсіподақтар рейдке шықты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Қарағандыдағы өкілдері карантин талаптарының сақталуын тексеруге кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мобильді топ жақында ашылған «Global city» жаңа көтерме-тарату логистикалық орталығына рейд жүргізіп қайтты.

Топ өкілдерінің сөзінше, көлемі шамамен 60 гектар аумақтағы сауда және қойма ғимараттарының кіреберістеріне коронавирус профилактикасы туралы хабарландыру ілінген. Азық-түлік павильондарының сатушылары жеке қорғаныш құралдарымен толықтай қамтылған. Кіреберістердің барлығына санитайзерлер қойылған және тұрғындар орталыққа дене қызуы өлшеніп, маскамен кіргізіледі.

Сонымен қатар, коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу мақсатында орталыққа қатынайтын қоғамдық көліктер санын арттыру жоспарланып отыр.

Рейд қорытындысы бойынша оған қатысқан мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Ерсін Абдулманафов пен «Nur Otan» партиясы Қарағанды қалалық филиалының «Бірлік» бастауыш партия ұйымының төрағасы Нұрлан Әубәкіров, жаңа орталықта карантин талаптары қатаң сақталып отыр деген тоқтам жасады.


Соңғы жаңалықтар