Қарағандылық оқушылар STEM республикалық олимпиадасында жүлдегер атанды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - STEM республикалық олимпиадасында қарағандылық оқушылар гран-при, үшінші орын және екі ынталандыру медалін жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды облысынан оған барлығы 10 команда қатысты, оның құрамында 37 оқушы болды.

Нұр-Сұлтанда республикалық STEM олимпиадасының қорытындысы шығарылды.

Олимпиаданың финалы 27-28 қарашада Quantum STEM School-да өтті. Оған 470 адам қатысты.

Жарыстың барлық турларының қорытындысы бойынша бас жүлдені Қарағанды қаласының «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернатының 17 жастағы оқушысы Асанәлі Алмаз жеңіп алды.

– Мен 11-сыныпта оқимын. Болашақта экономист болғым келеді. Францияда оқуды жоспарлап отырмын. STEM олимпиадасына бірнеше мәрте қатыстым. Жылдан жылға тапсырмалар күрделене түсетіні және қызықты болатыны қуантады. Осы олимпиададағы үй тапсырмасы ретінде біз робот жасауымыз керек еді. Елордада біз алдымен тесттерді шештік, содан кейін роботтарымыз қызыл және сары жарыққа тоқтайтын ралли өтті, арқан тартып, арифметикалық есептеулер көмегімен салынған, ағаш таяқшалардан жасалған көпірді беріктікке сынап көрді, – дейді Асанәлі.

Жүлдегерлер қатарында «Дарын» ММИ-тың тағы бір тәрбиеленушісі Еділ Сабдалы да бар. Ол қола медаль жеңіп алды.

Сондай-ақ, қарағандылық оқушылар қоржынында екі ынталандыру медалі бар.

Оларға Нығмет Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының және Шәкәрім атындағы гимназияның оқушылары Арғынғазы Бақдәулет және Михаил Востриков ие болды.



Соңғы жаңалықтар