Қарағандылық оқушылар StemСo халықаралық олимпиадасында жүлделі орындарға ие болды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды қаласының №2 «Білім-инновация» лицей-интернатының 8-сынып оқушылары Адина Абсадықова мен Арайлым Аязбай физика, математика, химия және биология пәндерінен StemСo қашықтық халықаралық олимпиадасында жүлделі орындарға ие болды.

Биыл зияткерлік жарыстарға әлемнің 35 елінен келген оқушылар қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Адина Абсадықова химия бойынша екінші, биология, физика және математика бойынша үшінші, ал Арайлым Аязбай математика бойынша үшінші орын алып, физика пәні бойынша грамота алды.

«Мен Сингапур ұйымдастырған StemCo қашықтық олимпиадасына қатыстым. Ол төрт пәннен тұрды. Сұрақтардың көпшілігі логикаға негізделген. Жақсы нәтиже көрсеткеніме қуаныштымын, әрі қарай да олимпиадаларға қатысамын», — деді Адина Абсадықова.

StemCo олимпиадасы — бұл әлем оқушылары өз құрдастарымен бәсекелесе алатын және өз құзыреттерін үнемі жетілдіре отырып, дами алатын бірегей халықаралық алаң.


Соңғы жаңалықтар