Қарағандылық полицейлер жалғызбасты анаға көмек көрсетті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандылық тәртіп сақшылары үш бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты әйелге көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшсі.

Қарағанды полицейлері Октябрь ауданының Рабочий ауылында тұратын толық емес отбасына барып қайтты. Бірнеше жылдан бері Айнұр Жапарова жалғыз өзі үш баланы тәрбиелеп отыр. Бүгінгі күні жалғызбасты әйел көмекке мұқтаж және көмір сатып ала алмай отырғанын жеткізген.

Оның әлеуметтік және тұрмыстық проблемалары туралы естіген жедел әрекет ету жасағының қызметкерлері қиын кезеңде әйелге материалдық көмек көрсетуді ұйғарған. Тәртіп сақшылары отбасына азық-түлік пен көмір сатып әперді. Сонымен қатар қысқы отын дайындап, сарайдағы шатырды бекітті және ауласын тазалап берді.

«Біз бұл отбасына көмектесу бастамасын бірауыздан қолдадық. Бір-ақ күнде қаражат жинап, негізгі қажеттіліктерді сатып алдық. Біз осындай отбасыларға көмектесуге мүмкіндігі бар адамдарды өзгелердің проблемаларына немқұрайлы қарамауға шақырамыз», - дейді полиция жедел уәкілі, жедел-құтқару жасағының аға инспекторы полиция капитаны Марат Нұрғалиев.

Өз кезегінде жалғызбасты ана полицияға үлкен ризашылығын білдірді.

Соңғы жаңалықтар