Қарағандылық полицейлер жолда қалған 18 жолаушыны құтқарды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандылық полиция қызметкерлері жолаушы тасымалдайтын шағын автобустың жүргізушісіне көмектесіп, 18 адамды құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

27 қараша күні сағат 17:00 шамасында «Алматы-Екатеринбург» автожолында қызмет инспекторы полиция аға лейтенанты Құсаев Ермек және полиция лейтенанты Нұролла Болатбек автопатрульдеу кезінде «Мерседес спинтер» автокөлігін байқаған. Жолаушылар тасымалдайтын шағын автобус Қарағанды қаласына қарай бағыттағы республикалық трассаның 1060 шақырымында бұзылып қалған. Автокөліктің салонында 18 жолаушы болған. Бірінші кезекте полиция қызметкерлері жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оларды Қарағандыға бара жатқан жолай автокөліктерге отырғызып, эвакуациялады. Одан кейін инспекторлар «ГАЗель» автокөлігін тоқтатып, оның жүргізушісі сынған автокөлікті жақын маңдағы техникалық қызмет көрсету станциясына дейін сүйретуге келіскен. Осылайша полицейлер 18 адамды аязды күні суықтан құтқарды.

Алайда, бұл жағдай туралы полиция басшылығына инспекторлардың өзінен емес, жүргізуші осындай көмек көрсеткені үшін полицейлерге алғысын білдірген әлеуметтік желілерден мәлім болды.

Соңғы жаңалықтар