10:25, 05 Мамыр 2021 | GMT +6
Қарағандылық жастар Ескендір Хасанғалиевті еске алу челленджін ұйымдастырмақ
ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат – Жезқазған жастары атақты қазақстандық әнші және композитор Ескендір Хасанғалиевті еске алу челленджін қткізтек. Онлайн-акция Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оған барлық тілек білдірушілер қосыла алады. Ол үшін 7 мамыр күні сағат 11:00-де «Атамекен» әнін орындап, бейнежазбаны жазып, әлеуметтік желіге #АтамекенЖүрегімізде#, #ОтанымызҚазақстан##Ескендірағаәндері# хештегтерімен орналастыру керек.
«Атамекен» әнін бірге шырқаймыз» онлайн-акциясына белсенді қатысуға шақырамыз. 1970 жылы жазылған бұл шығарма патриоттық әндердің бірі болып табылады», – деп атап өтті ұйымдастырушылар.