Қарағандылықтар дәрінің қымбаттылығына WhatsАpp арқылы шағымдана алады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында медициналық препараттар мен маскалардың бағасын негізсіз көтеру фактілері туралы 8-701-7-109-109 нөмірі (WhatsАpp) бойынша шағымдануға болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«senim 109» қызметіне жүгінуге қойылатын басты талап – ақпарат шынайы болуы тиіс. Анықталған заңбұзушылықты растайтын фото немесе видеоны қоса берген абзал.

Өңір тұрғындарының өтініштерін мобильді топтар өңдеп, оқиға орындарына шығады.

Сонымен қатар 8-701-7-109-109 нөмірі бойынша келесідей жағдайда шағым айтып, хабарласуға болады:
- жұмыс беруші қолданылған немесе жыртылған маска/қолғаптар берсе, не болмаса денсаулық сақтау құқығын басқалай бұзатын болса;

- ЖРВИ белгілері бар, яғни Covid-19 індетін тасымалдауы мүмкін тұлғаға жұмысқа шығуына рұқсат берсе;⠀
- қоғамдық орындарда, автобустарда, аялдамаларда антисанитарлық жағдайды байқасаңыз.
Егер сізде WhatsАpp болмаса, ереже бұзушылықтар жайлы 109 нөміріне, Instagram-дағы senim 109 direct-ке немесе қыметтің Facebook-тегі парақшасына жазуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандықтар медициналық препараттар бағасының негізсіз көтерілуіне DariKZ мобильдік қосымшасы арқылы да шағым бере алады.⠀

Онда Қазақстанда тіркелген препараттардың шекті рұқсат етілген бағасы белгіленген.

Сонымен қатар, бұл қосымшада келесідей ақпараттар бар:

- препараттар түпнұсқа немесе дженерик болып табыла ма;

- баламалары бар ма;

- дәрі рецептісіз беріле ме және тағы басқа да ақпараттар.

Darikz мобильдік қосымшасын Google Play Market-тен жүктеуге болады.


Соңғы жаңалықтар