Қарағандының орталық саябағындағы көлдің жағасында өлі балықтар табылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағындағы көлдің жағалауындағы өлі балықтарға қатысты Мәдениет және демалыс саябақтары мен гүлзарлар басқармасының мамандары түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағандыдағы Орталық мәдениет және демалыс саябағындағы көлдің жағалауында өлі балықтар табылды. Тұрғындар бұл жағдайға алаңдаушылық білдіріп жатыр. Мамандар болса көлде ешқандай экологиялық қауіп жоқ деп мәлім етті.

«Бұл табиғи құбылыс екенін түсіндіре кеткім келеді. Себебі жаппай қырылуды біз байқап отырған жоқпыз. Ал әзірге жекелеген жағдай орын алуда және бұл қыстан кейін барлық көлдерге тән нәрсе», - деп түсіндірді Мәдениет, демалыс саябақтары және гүлзарлар басқармасының бастығы Талғат Смайылов.

Сонымен қатар, қарағандылықтар соңғы жылдары Орталық саябақтағы көлдің дұрыс күтілмегеніне шағымданады.

«Бүгінгі таңда көлді Бұқпа өзенінен келетін сумен толтырып жатырмыз. Сондай-ақ, мұздың еруіне қарай күнделікті қоқыс жиналады», - деп түсіндірді Мәдениет, демалыс саябақтары және гүлзарлар басқармасында.


Соңғы жаңалықтар