Қарақия ауданының әкімі Бозжыраға қатысты: Жер бөлу қоғамдық тыңдау арқылы өтеді

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының Қарақия ауданының әкімі Қыдырберді Беков Маңғыстаудың ең жарқын символы — Бозжыра шатқалында құрылыс жүргізу мәселесіне қатысты пікір білдірді.
«Бұл қоғамда кең талқылауға түсіп жатқан негізгі сұрақтардың бірі. Бозжыра шатқалы облыс орталығынан 300 шақырым жерде орналасқан. Жалпы, туризмді дамыту мәселесі ауданда, облыста қарқын алып келе жатыр. Бүгінгі күні Бозжыра шатқалында тиісті жұмысшы тобы басында жүр. Біз қонақ үйлерді қайда саламыз, бутик отельдерді қайда орналастырамыз деген бағытта жұмыстар басталып кетті. Бірақ құрылыс жүріп жатқан жоқ. Бүгінде инвестор тарапынан жер бөлу мәселесі жөнінде өтініш келіп түсті. Оны қарастырып жатырмыз. Әрине, жер бөлу мәселесі, құрылыс жұмыстарын салу қоғамдық тыңдау арқылы жүргізілетін болады»,-деді Қыдырберді Беков.
Айта кетейік, Берік Уәли Бозжыраға қатысты Президент тапсырмасына түсінік берді.
Ал, бұған дейін Бозжырада құрылыс жұмыстары басталды деген әңгіме қоғамда қызу талқыланған болатын.
- Қарағанды облысының Доскей ауылында 39 отбасы баспаналы болды
- Биыл Алматыдағы қисайған 17 көпқабатты үйдің іргетасы нығайтылады
- Маңғыстауда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны артты
- Маман лифтілерді пайдаланудың талабына қатысты кеңес берді
-
Биыл Қазақстандағы 793 елді мекенде сумен жабдықтау жүйелері салынады
-
Қазақстанда 2021 жылы 6 мың шақырым жол салынады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам