Қарақшылар агрофирмаға шабуыл жасап, 170 млн теңгені қолды етті – СҚО

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Талшық ауылында агрофирма кеңсесіне қарақшылық шабуыл жасалып, ұрылар 170 млн теңгеден астам соманы қолды етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаментінің мәліметінше, «Талшық Астық LTD» ЖШС-ға қарақшылық шабуыл 19 қараша күні кешкі сағат 19.15-те болған. Шолақ аңшы мылтығына ұқсас затпен қаруланған белгісіз төрт қылмыскер ғимаратқа баса-көктеп кіріп, ЖШС басшысына сес көрсеткен. Олар 170 миллионнан астам теңгені және 2 ұялы телефонды алып кеткен.

«Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Бұл қылмыс СҚО ПД бастығы Марат Төлебаевтың және облыстық прокуратура басшысының бақылауына алынды», - дейді баспасөз қызметкерлері.

СҚО-да қылмыскерлерді ұстау операциясы жарияланды. Жедел-тергеу іс-шарасына барлық патрульдер мен жасақтар жұмылдырылып, облыстардың Полиция департаменттеріне бағыттама жіберілді.

Соңғы жаңалықтар