Қарамағындағы қызметкер үшін қанша басшы отставкаға кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова қарамағындағы қызметкер үшін қанша басшының жауапқа тартылғанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Агенттік қол астындағы қызметкердің сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін бірінші басшылардың жауапқа тартылуын қадағалайды және Президент Әкімшілігіне тоқсан сайын ақпар береді.

«Жаңа ереже енгізілген сәттен бастап (2019 жылғы желтоқсаннан бері) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың 86 басшысы тәртіптік жауапқа тартылды, оның ішінде 4 саяси мемлекеттік қызметші отставкаға кетті», - деді Анар Жайылғанова ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің алқа отырысында.

Ведомствода атап өткендей, 13 саяси мемлекеттік қызметші, 33 әкімшілік, 25 құқық қорғау органдарының қызметкері, 15 квазимемлекеттік сектор және ЖАО ведомстволық бағынышты ұйымдардың қызметкерлері жауапкершілікке тартылған.

«Аумақтық бөлімшелерде бұл мәселеде принциптік ұстаным болуы тиіс. Қажетті шараларды уақтылы қабылдай отырып, барлық жергілікті және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне мониторинг жасау қажет», - деп атап өтті Анар Жайылғанова.


Соңғы жаңалықтар