Қарамағындағыларды ұрып-соққан желілік полиция бөлімінің басшысы жұмыстан босатылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада қалалық көліктегі полиция департаменті Нұрсұлтан Назарбаев әуежайындағы желілік полиция қызметкерлерінің оқиғасына жауап қатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желіде «елорда әуежайының желілік полиция бөлімінің бастығы әріптесін ұрып-соқты» деген видео тараған еді.

Көліктегі полиция департаменті қызметтік тексеру жүргізді.

«Көліктегі полиция департаментінің бұйрығымен Желілік полиция бөлімінің басшысы және оның Кадр саясаты жөніндегі орынбасары қызметінен босатылды.Сонымен қатар желілік полицияның басшылық қызметтегі қызметкерлеріне де қатысты тәртіптік сипаттағы шаралар қабылданды», - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті.

«Көліктегі полиция департаментінің басшылығы бұл жағдайды өрескел және қолайсыз деп санайтынын хабарлайды. Қызметтік-әскери тәртіпті бұзатын басшылар мен қызметкерлерден өз қатарын тазарту қағидатын ұстанады» - делінген хабарламада.




Соңғы жаңалықтар