+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 517.08
RUB 5.74 CNY 66.17
Jańalyqtar

Карантин: Ақтауда кафе-барлар жұмыс істеуін тоқтатпай тұр

2021 жылғы 17 сәуір 12:26
Бөлісіңіз:
Карантин: Ақтауда кафе-барлар жұмыс істеуін тоқтатпай тұр

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда карантин талаптарының орындалуын қадағалау бойынша мобильді топтар жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстау облысында түлектер кешін ашық алаңда ұйымдастыруға рұқсат Жаңа қаулы: Әуежай мен теміржол вокзалына кіру тәртібі өзгерді СҚО-да діни нысандардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді

Полиция қызметкерлері, әкімдік өкілдері дүкендерді, сауда орталықтарын, мейрамханаларды және басқа да кәсіпкерлік субъектілерін тексеруде.

17 сәуір күні түнде әкімдік өкілдері мен Ақтау қалалық маслихат депутаттары өткізген рейд кезінде түнгі 24:00-ден кейін жұмыс істеп тұрған Ақтаудағы атақты «Perfect Relax» рестораны, «Байер» лаундж бары, «El Divino» рестобарында адам лық толы екені анықталды. Онда маскалық режим мен әлеуметтік арақашықтық сақталмаған. «Золотой Дракон» кафесі санитарлық талаптарды мүлде ескермеген.

Осы және өзге де тәртіп бұзушылықтар ресми түрде тіркеліп, дәмхана қожайындарына хаттама толтырылды. Әрі қарай тиісті шара қолдану үшін санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарына жолданды.

Мониторинг тобының өкілдері санитарлық талаптарды орындамай, адамдар өмірін қауіп төндіргендер жауапқа тартылатынын ескертеді.

Сонымен бірге, кәсіпкерлік субъектілерінің басшыларына санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзу бірнеше рет қайталанған жағдайда, ҚР қолданыстағы заңнамасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін уақытша тоқтата тұру шарасы қолданылады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қаракөз Марат

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT