Карантин: Алматыда залалсыздандыру жұмыстары күнделікті жүргізілуде

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында коронавирустық инфекцияның ошағы бар көп пәтерлі тұрғын үйлерді залалсыздандыру жұмыстары күнделікті жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Залалсыздандыру жұмыстары қаланың әр ауданы бойынша жүргізіледі.
Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, 13 қазанда Алматының:
Алатау ауданында - 101 ошақ;
Алмалы ауданында - 602 ошақ;
Әуезов ауданында - 475 ошақ;
Бостандық ауданында- 651 ошақ;
Жетісу ауданында - 129 ошақ;
Медеу ауданында - 278 ошақ;
Наурызбай ауданында- 79 ошақ;
Түрксіб ауданында - 66 ошақта залалсыздандыру жұмыстары жүргізілетін болады.


Соңғы жаңалықтар