Карантин: Елорда жүргізушілері «үй-жұмыс» бағдарын бұзғаны үшін жазаланады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда жүргізушілері «үй-жұмыс» бағдарын бұзғаны үшін «Сергек» жүйесі арқылы жазаланады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Полиция қызметкерлері «Сергек» камералары арқылы жүргізушілер мен автокөліктердің деректерін және олардың «үй-жұмыс» бағыты бойынша бағдарын базаға енгізді. Өз бағдарын бұзғандар заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз», - деді Е. Сәденов Хабар 24 телеарнасында өткен онлайн брифингіде.

Осы орайда ол қаладағы карантин режімі талаптарын сақтауға шақырды.

«Құметті елорда тұрғындары! Карантин режімі кезінде үйден шықпауларыңызды талап етеміз», - деді Е. Сәденов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, елордада карантин режімін бұзған 300-ден астам адам жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, қалада 30 автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды.


Соңғы жаңалықтар