Карантин кезінде еріктілер лигасы қандай көмек көрсетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «Қазақстан Еріктілер лигасы» ҚҚ Алматы филиалының төрайымы Бағдат Анарбаева онлайн брифинг барысында еріктілер тарапынан көрсетілген көмек туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, 16 наурыздан бастап қалада тұратын 5 мыңға жуық мұқтаж отбасыға азық-түлік себеті жасақталған. Үйінен шығуға мүмкіндігі жоқ азаматтарға дәрі-дәрмек жеткізілді. 200 нысанда қоғамдық мониторинг жасалды. Олардың көпшілігі карантин шектеулері туралы талапты бұзған. Құқық қорғау органдары аталған нысандарға қатысты шара қолданды.

«15 вирус ошағына тұрақты түрде еріктілер азық-түлік пен дәрі-дәрмек жіберіп тұрды. 40 жуық түсіндіру жұмысы жүргізілген. 10 мыңдай телефон қоңырауына жауап берілген», - деді Бағдат Анарбаева.

Сонымен қатар, коронавирус пандемиясына байланысты Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау бойынша бірқатар кешенді шаралар ұйымдастырылған болатын. Осы шараларды атқару үшін «Волонтерлық корпус» жобасының аясында Алматыда жасотандықтар мен белсенді партия өкілдерінен құралған 200 адамнан тұратын волонтер штабы өз жұмысын бастады. Барлық волонтерлер азық түлік пен гигиеналық заттарды байланыссыз жеткізді, сондай-ақ оларға қорғаныш киімдері берілді.

«Волонтерлік корпус аясында коммуналды қызмет жұмыскерлеріне 300 көп реттік маска таратылды. Посттарда қызмет еткен медицина мамандары мен қызметкерлерге «Jas Otan» қалалық кеңесінің мүшесі Вахид Гасанов 3 млн теңгенің көмегін көрсетілген. Адам көп шоғырланатын жерлерде «Жақыныңа жанашыр бол» акциясы аясында 5 мың маска таратылды. «Jas Otan» еріктілері госпитальге құрал-жабдық әкелген 6 ауыр көліктегі жүктерді түсіруге көмектескен. Коронавируспен күреске атсалысып жатқан «Дәрігерлерге тағзым» акциясы аясында 800 пакет азық-түлік таратылды», - деді Алматы қаласы Jas Otan жастар қанатының жетекшісі Мади Ахметов.


Соңғы жаңалықтар