Карантин Нұр-Сұлтан мен Алматы экологиясына қалай әсер етті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандағы карантин шаралары Нұр-Сұлтан мен Алматы экологияларына қалай әсер етті? Бұл сұраққа Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Облыс орталықтары мен қалалардың бәрінде «Қазгидромет» күнделікті мониторинг жүргізіліп отырады. 20 наурыздан, яғни карантиннің алғашқы күнінен бастап министрлік қоғам өкілдерімен бірге Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында атмосфералық ауаға мониторинг жүргізді. Талдау жұмыстары көрсетіп отырғандай, Алматының төменгі бөлігінде PM 2,5, PM10 өлшемді бөлшектері бойынша концентрацияның артқаны байқалады. Бұл ластану жағдайы ЖЭО-2, ЖЭО-3 жұмысына тән сипат. Алайда қаланың жоғары бөлігінде азот оксиді, азот диоксидінің төмендегені байқалады. Фенол концентрациясы өткен жылға қарағанда 60 есе төмендегені байқалады. Бұл дегеніңіз автокөліктен бөлінген қалдықтың азайғанын көрсетеді», - деді Ахметжан Пірімқұлов ОКҚ-да онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің айтуынша, елордада автокөліктен бөлінетін қалдық мөлшері де азайған.

«Алайда ЖЭО секілді ірі өндірістік кәсіпорындардың жұмысы жалғасуда. Олардан шығатын қалдық баршылық», - деді ол.

Ахметжан Пірімқұловтың сөзіне қарағанда, ЖЭО-2, ЖЭО-3 өндіріс ошақтарын газға ауыстыру, тазарту құрылымдарын әзірлеу, жасыл алаңдардың аумағын кеңейту туралы Алматы әкімдігімен бірлескен Жол картасы әзірленуде.


Соңғы жаңалықтар