Карантин: «Сары аймақта» тұрған өңірлерде сауда үйлері жексенбі күндері де істейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 7 күн бойы «сары аймақта» болған өңірлерде биылғы жылдың 1 наурызынан бастап жабық базарлардың (азық-түлік, азық-түлік емес), сауда және ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда желілерінің жексенбі күндері жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.

Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов төрағалық еткен коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында мәлім болды.

Мониторингтік тексеру қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылу фактілері көп тіркелген Маңғыстау, Қостанай және Жамбыл облыстарын қоспағанда, барлық облыстарда үстіміздегі жылдың 1 наурызынан бастап 1-5 сыныптардың, халықаралық мектептерде 1-7 сыныптардың оқушыларын аралас оқытуға рұқсат етіледі.



Соңғы жаңалықтар