Карантин: Шымкентте мониторингтік топ 52,6 млн-нан астам теңгеге айыппұл салды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында 2021 жылдың 1-қаңтарынан бастап мониторингтік топтар 251 рейд жүргізіп, 6 675 объектіні тексерген, деп хабарлайды ҚазАпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомсвтоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.

Ондағы деректерге қарағанда, тексерілген нысандардың ішінде, 4 075 қоғамдық тамақтану орны, 2 097 коммуналдық нысан, 294 өнеркәсіп нысаны және 209 балалар мен жасөспірімдерге арналған нысандар болды.

Қоғамдық тамақтану орындарында жұмыс істеу режимінің сақталмауы, топтық іс-шаралардың өткізілуі, бетперде кию режимінің сақталмауы, келушілер санының шектен тыс көп болуы жиі кездесуде.

Мониторинг топ анықтаған заңбұзушылықтар бойынша 886 жауапты тұлғаға хаттама толтырылып, 52,6 млн теңгеден астам соммаға айыппұл салынды.

«Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері және Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларында көрсетілген талаптардың орындалуы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар