Кәріздік тазарту жүйесін нарықтық қаржыландыруға көшу ұсынылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік банк Қазақстанға кәріздік тазарту жүйесін нарықтық қаржыландыруға кезең-кезеңмен көшуді ұсынып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Премьер-Министр Асқар Мамин Мәжіліс депутаттарының сауалына берген берген жауабында айтты.

«Қазақстан Республикасының Үкіметі сіздердің кәріздік тазарту имараттарын салу және реконструкциялауға қатысты сауалыңызға сәйкес келесіні хабарлайды. Қазіргі уақытта ҚР Үкіметі қала халқын ағынды сулардан тазартумен қамтуды 2025 жылы 74,9%-дан 100%-ға дейін ұлғайту үшін КТИ салу және реконструкциялау бойынша жүйелі шаралар қабылдауда. Жобаларды іске асыруға дайындық мақсатында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының ағымдағы жағдайы талданды. Сумен жабдықтау және су бұру саласын басқарудың халықаралық тәжірибесі зерделенді. Дүниежүзілік банк реформаларды қабылдау және су арналарының шығындарын оңтайландыру, тарифтерді көтеру және жеке инвестицияларды тарту арқылы нарықтық қаржыландыруға кезең-кезеңімен көшу стратегиясын ұсынуда», - деді Үкімет басшысы өз жауабында.

Сондай-ақ, ол аталған стратегия жеке инвесторларды тарта отырып, мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жүзеге асатынын мәлім етті.


Соңғы жаңалықтар