Қармақшыда 1005 бала прокуратураның араласуынан кейін ғана әлеуметтік көмек алды

None
None
ҚАРМАҚШЫ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Қармақшы ауданында табысы аз отбасылардың әлеуметтік құқығының шектелгені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заңы бойынша атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған табысы аз отбасыларының балаларына ай сайын әлеуметтік пакеттің берілуі көзделген.

«Әлеуметтік пакетке азық-түлік және тұрмыстық химия тауарларының жиынтығы кіреді. Дегенмен ауданда табысы аз отбасы балаларына ағымдағы жылдың қаңтар және ақпан айларының әлеуметтік пакеттері берілмей қалған. Прокуратураның ұсынуымен 1005 балаға әлеуметтік пакеттер толығымен табысталды», - деп мәлім етті Қармақшы ауданының прокуратурасы.


Соңғы жаңалықтар