Қаржы министрі өткен жылы үнемделген әрі игерілмеген қаражатқа түсінік берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылы бюджеттің атқарылмаған сомасы 241 млрд теңгені құрады. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Ерұлан Жамаубаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қаржы көрсеткіштеріне тоқталсақ, кірістер бойынша мемлекеттік бюджетке 9 трлн 751 млрд теңге түсті немесе жоспар 102,7 пайызға орындалды. 2019 жылмен салыстырғанда өсім 62,7 млрд теңгені құрады. Республикалық бюджетке 6 трлн 561 млрд теңге сомасында кіріс түсті. Жоспар 22 млрд теңгеге, оның ішінде салықтар 16 млрд теңгеге асыра орындалды», - деді министр.

Асыра орындаудың негізгі сомасы корпоративтік табыс салығына, пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салыққа, шикі мұнайға салынатын экспорттық кеден бажына тиесілі.

Бюджет шығыстарына тоқталған Е. Жамаубаев, мемлекеттік бюджет шығыстары 98,2 пайызға, республикалық бюджет шығыстары 98,3 пайызға, жергілікті бюджеттердің шығыстары 99,1 пайызға атқарылғанын жеткізді.

«Республикалық бюджет бойынша сомасы 14 трлн 234 млрд теңгеге шығыстар жүргізілген. Атқарылмау сомасы 241 млрд теңгені құрады. Оның ішінде 224 млрд теңге Үкімет резерві бойынша үнемделген ақша және өзге де үнемдеу. 15 млрд теңге – игерілмеген», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар