Қаржы министрлігі алиментке салық салынатындығы туралы ақпаратты жоққа шығарды

None
None
НҰР-СҰЛТАн. ҚазАқпарат - Алиментке салық салынатындығы туралы таратылған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігінің Телеграмдағы каналы.

«Алиментке салық салынатындығы туралы таратылған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Атап айтқанда, ҚР Салық кодексінің 341-бабында салық салуға жататын жеке тұлғаның кірістерінен алынып тасталатын кіріс түрлерінің толық тізбесі келтірілген» делінген хабарламада.

Осыған байланысты Қаржы министрлігі тек ресми ақпаратқа сенуді сұрайды.


Соңғы жаңалықтар