+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қазақстандықтар 1 қазанға дейін салық төлемесе, 20 мың теңге айыппұл салынады деген ақпарат – жалған

2020 жылғы 16 қыркүйек 12:06
Бөлісіңіз:
Қазақстандықтар 1 қазанға дейін салық төлемесе, 20 мың теңге айыппұл салынады деген ақпарат – жалған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақстандықтар 1 қазанға дейін салық қарызын төлемесе, 20 мың теңге айыппұл төлейді деген ақпарат – жалған. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтемемен ҚазАқпарат хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Чек берілмегені туралы хабарлаған қазақстандықтарға сыйлық беріледі Әлем экономикасын қалпына келтіру үшін бес жыл керек – Дүниежүзілік банк KASE: Доллар арзандады

«Соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы өткен салықтық кезеңдер үшін берешегі бар азаматтар борышын 1 қазанға дейін өтемеген жағдайда 8 АЕК (20000 теңге шамасында) көлеміндегі айыппұл есептелетіні туралы хабарлама таратылуда. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлаймыз», деді ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз хатшысы Әлібек Абдилов.

Ресми өкілдің айтуынша, жеке тұлғалар бюджетке жер және мүлік салықтарын өткен жыл үшін ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін төлеуі тиіс. Көлік салығы ағымдағы жыл үшін 31 желтоқсанға дейін өтеледі.

«Қолданыстағы ҚР Салық заңнамасында айыппұл есептеу шаралары көрсетілмеген. Тек салықты уақытылы төлемеген жағдайда өткізілген әр күнге өсімпұл есептеледі», - деді Ә.Абдилов.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың аяғына дейін жеке тұлғаларға арналған салықтық рақымшылық үрдісі жүруде. Оның ережелеріне сәйкес, жеке тұлға берешегінің негізгі сомасын өтеген жағдайда өсімпұл автоматты түрде есептен шығарылады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT