Қаржы министрлігі трансшекаралық сауданы бақылауды күшейтпек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылы әкімшілендіру және цифрландыру есебінен қосымша 710 млрд теңге салық түсті. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тәуекелдерді басқару жүйесінің қолданылу аясын кеңейттік. Жалпы, тәуекелдердің 86 түрлі моделі құрылды, 12 млрд астам цифрлық құжаттар өңделді. Нәтижесінде цифрландыру және әкімшілендірудің есебінен 2019 жылы қосымша 916 млрд теңге қамтамасыз етілді. 2020 жылдан бастап онлайн-бақылау касса машиналарын қолдануға жаппай көшу жүргізілді», - деді ол.

Министрдің айтуынша, «Е-терезе» ақпараттық жүйесі рұқсат құжаттарын беретін 13 ақпараттық жүйені біріктірді. Қызметтерді алу уақыты 30 күннен 5 күнге дейін қысқарды.

«2020 жылдың қорытындысы бойынша әкімшілендіру және цифрландыру есебінен қосымша 710 млрд теңге салық түсімдері қамтамасыз етілді», - деді Ерұлан Жамаубаев.

Сонымен қатар ол Қаржы министрлігі әкімшілендіруді одан әрі жетілдіру және бюджетті толықтыру үшін цифрландыруға баса назар аудара отырып, бірқатар нақты шаралар әзірлегенін айтты. Аталған шаралардың қатарында трансшекаралық сауданы бақылауды күшейту; кедендік инфрақұрылымды жаңғырту; ақпараттық жүйелерді жетілдіру және жаңа платформаға көшу; ірі салық төлеушілердің көлденең мониторингін қолдану; халық пен бизнеске арналған мобильді қосымшаларды дамыту; заңнаманы жетілдіру бар.


Соңғы жаңалықтар