+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Қаржылық мониторинг агенттігі көлеңкелі экономика деңгейін төмендету қадамдарын айқындады

2021 жылғы 22 сәуір 17:36
Бөлісіңіз:
Қаржылық мониторинг агенттігі көлеңкелі экономика деңгейін төмендету қадамдарын айқындады

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда Ashyq жобасына қосылған кафе-дәмханалардың жұмыс уақыты өзгерді Түркістан облысында кәсіпкерлік нысандардың жұмыс уақыты ұзартылды Шығыс Қазақстанда 163 нысан Ashyq жобасына қатысуда


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін өткен кездесу аясында Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов пен Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов ашықтық және өзара ақпарат алмасу қағидаттары негізінде елдегі кәсіпкерлікті одан әрі дамыту бойынша нақты әрекеттерді талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Көлеңкелі экономика деңгейін төмендетуге және кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыру жоспарлануда», - делінген ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі баспасөз қызметінің мәліметінде.

Қазіргі кезде агенттік адал бизнесті қорғауға бағытталған бірқатар кешенді шаралар қабылдады. Адал кәсіпкерлерді қорғау үшін «Атамекен» ҰКП-мен өзара іс-қимыл тұрақты негізде жүзеге асырылады. Көлеңкелі экономика деңгейін төмендету саласында заңнаманы жетілдіру және құқық бұзушылықтардың алдын алуды көздейтін Жол картасы әзірленді.

Аумақтық экономикалық тергеп-тексеру департаменттері осы тектес жұмысты жүргізуге бағытталған.

«Осылайша, кездесуде тараптар ортақ көзқарасқа келіп, экономиканың «көлеңкелі» секторында құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша тетіктердің тиімділігін арттыруда тығыз өзара әрекеттесу туралы және бизнестің дамуына кедергі келтіретін жүйелі проблемаларды жою бойынша бірлескен күш-жігерді салуға келісті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT