KASE: Доллар бағамы 436, 85 теңгені құрады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысына сәйкес, доллар бағамы 4, 80 теңгеге арзандап, 436, 85 теңгені құрады.

Ұлттық банктің 4 мамырдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 441, 64 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 440,15 теңге, сатып алу – 443, 60 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 437,88 теңгеден болса, сатып алу құны – 441,10 теңге.


Соңғы жаңалықтар